Тұлғалар

Бақыт Әшімова

(1937-2021)

Бақыт Әшімова 1937 жылы 11 қарашада Алматы облысы, Қарасай ауданы, Береке ауылында дүниеге келген. Әнші, Қазақстанның халық артисі.1956 жылы Қызылорда қыздар педагогикалық училищесін , 1963 жылы Алматы консерваториясын (А.А. Леонтьеваның класы бойынша) бітірген. Консерваторияны бітірген жылы Қазақ академиялық опера және балет театрына қабылданған. Әшімова осы театрда ұзақ жыл шығамашылық еңбек етіп, көптеген опералардағы меццо-сопранолық рөлдерді нәзік лирикалық иірімдермен байытты. Әшімова өнерінің екінші қыры — камералық әншілігі. Ол Н. Тілендиевтің “Куә бол”, “Махаббат мұңы”, “Күндер-ай”, “Жүрегім менің”, “Саржайлау”, “Сөнбейді, әже, шырағың” және Рахмадиевтің “Бала ғашық”, “Сағындым еркем”, “Күзде” әндерін алғаш рет орындап, қалың жұртшылықтың ықыласына бөленді.