Тұлғалар

Жәнібек Кәрменов

(1949-1992)

Жәнібек Кәрменов 1949 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан, бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Әнші, жазушы, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген әртісі. Алғашында Алматы эстрада-цирк өнері студиясының (қазіргі колледж) әншілік бөлімін, одан кейін Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. Жәнібек "Өнер" баспасында редактор, Алматы мемлекеттік консерваториясында халық әндері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ол өзіндік ән орындаушылығымен ерекше көзге түсті. Көптеген халық композиторларының шығармашылық өмірі мен мұрасын насихаттау және олардың ұмытылған ән мәтіндерін қалпына келтіру ісіне зор үлес қосты. Кезінде Қазақ радиосы мен телевизиясы арқылы халық әншілері мен әншілік дәстүр жайында хабарлар жүргізді. Өнер тақырыбына арналған кітаптары («Ақылбайдың әні», «Ғашықтың тілі», «Махаббат әні») жарық көрді. 1984 жылы концерттік-орындаушылық, зерттеу қызметтері және жастар арасында халық өнерін насихаттаудағы жұмыстары үшін оған Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 1996 жылы оның есімі Қарауыл ауылындағы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) музыка мектебіне берілді.

«Асыл мұра». Қазақ ақын-жазушыларының әндері

«Асыл мұра». Мұхит әндері

Жәнібек Кәрменов - «Дәурен-ай»

Жәнібек Кәрменов - «Жанбота» (1987 жыл)

«Сағындырған дауыстар». Жәнібек Кәрменов

Жәнібек Кәрменов - "Өзім туралы" (Қ.Аманжолов). 1991 ж.

"Ұлы дала ұлағаты". Жәнібек Кәрменов

"Сырласу". Жәнібек Кәрменов

Телеальманах «Ибраһим Құнанбайұлы». 1-бөлім. 1995 ж.

Ақтамбердінің толғауы - Жәнібек Кәрменов. 1990 ж.

Жәнібек Кәрменовты еске алу кеші. 1999 ж.

Абайдың әні «Сегіз аяқ» - Жәнібек Кәрменов

Мұхиттың әні «Паң көйлек» - Жәнібек Кәрменов. 1984 ж.

Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай» - Жәнібек Кәрменов

Қасымның әні «Дариға сол қыз» - Жәнібек Кәрменов

«Ғазиздің әні» - Жәнібек Кәрменов

«Туған жер әуендері»: Ілия Жақановтың шығармашылық кеші. 1985 ж.

«Асыл мұра». Кенен әндері. 1984 ж.

Әсеттің әні «Інжу-маржан» - Жәнібек Кәрменов

Құныпия Алпысбаев пен Жәнібек Кәрменов

Ләззат Сүйіндікова - Жаяу Мұсаның әні «Ахау арман». 1985 ж.