Тұлғалар

Досхан Жолжақсынов

Досхан Қалиұлы Жолжақсынов 1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақсуат ауылында туған. Актер, режиссер, сценарист, продюсер. Балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызметін атқарды. Қазақстанның Халық әртісі , Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген әртісі атағын иеленді. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.