Тұлғалар

Рахым Тәжібаев

Рахым Тәжібаев 28 мамыр 1946 жылы Ақсу ауданы, Сағабүйен ауылында дүниеге келген. Рахым Тәжібаевтың алғашқы ұстазы – Қазақстанның Халық әртісі Рүстембек Омаров болатын. Домбыра бөліміне емтихан тапсырған 18 баланың ішінде жалғыз өзі оқуға қабылданады. Кейін Абай атындағы педагогикалық институтында музыка пәнінің мұғалімі мамандығын сырттай оқып шығады. Осы оқу орнында шәкірт бола жүріп, жас күйші «Қазақконцерт» бірлестігімен қатар, сол кезде жаңадан құрылған «Гүлдер» ансамбліне қосылады. Қашанда босаңсуды білмейтін Рахым Тәжібаев өте еңбекқор. Күй өнерін өзінше дамытып, жаңа белеске көтерген күйші домбыраны керемет жасайтын шебер.