Тұлғалар

Әсет Бейсеуов

Әсет Бейсеуов 1938 жылы 13 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген. Композитор, Қазақстанның халық әртісі. Балаларға арнап жазған «Бөбегім», «Ақ мамам», «Күшігім», «Томпағым», сынды әндері де өз қалауын тапты. Қазақстанның халық артисі Бейсеуов қазақ эстрадасында музыкасының дамуына үлес қосты. Композитордың "Алмалы Алматым", "Гүлдер", "Шақырады көктем", "Мұңайма", "Алтыным", "Маралдым", "Сандуғаш", "Сырласу вальсі", "Жұлдызым", "Армандастар", "Жайықтан қайтқан тырналар", т.б. туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Сондай-ақ, Бейсеуов бірнеше спектакльдерге (С.Балғабаевтың "Қыз жиырмаға келгенде", Ә.Тауасаровтың "Аса құрметті Икс"), кинофильмге ("Көртышқан мен қоян"), телефильмдерге ("Алдар көсе", "Жаздың соңғы күні", т.б.) музыка жазды. Көптеген ән жинақтары жарық көрді.