Тұлғалар

Ескендір Хасанғалиев

Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қалдығайты округі Батпақкөл мекенінде дүниеге келген. 1963 жылы Қазақ радиосында музыка редакторы болды. Бір жылдан соң Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaлды-хор фaкультетiн Галина Виногрaдова мен Надия Шәріповaның клaсында бітірген. Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар институтында хор дирижері, Қазақ радио және телеарна оркестрінің солисі қызметін атқарды. Алғашқы "Анаға сәлем" әнін 1961 жылы шығарды. Ән бірден халық арасында кең таралып, композитор ретінде осы әнмен танымал болды. Туынды 60 жылдан бері көпшілік көңілінен орын алып келе жатыр. Кейіннен "Асыл арман", "Әдемі-ау", "Сағындым сені", "Бозторғайым" секілді танымал әндер жазылды. 50 жылдан астам уақытта 200-ге жуық ән, романс, хорға арналған шығармалар, фильм мен музыкалық қойылымдарға әуен жазды.

Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылық кеші (1980 жыл)

«Сыр-сұхбат». Ескендір Хасанғалиев

Ескендір Хасанғалиевтің «Алматының алмасы» атты ән кеші

Ескендір Хасанғалиевтің «Aйналдым, елім» атты шығармашылық кеші

Ескендір Хасанғалиев, Сүндет Байғожин - «Атамекен» (2015 жыл)

«Қолтаңба». Ескендір Хасанғалиев

«Келесі аялдама». Ескендір Хасанғалиев

«Кеш жарық». Ескендір Хасанғалиев

"Есіңде ме сол бір кез". Е.Хасанғалиев, Н.Нүсіпжанов

Е.Хасанғалиевтің шығармашылық кеші. 1980 ж.

Рамазан Елібаев "Келші, келші балашым"

«Шашу». 1985 ж.

Роза Бағланова - «Әдемі-ау». 1994 ж.

Құдайберген Бекішов - «Алғашқы танго». 1994 ж.

Мақпал Жүнісова - «Гүл сезім». 1994 ж.

Ескендір Хасанғалиев - «Келеміз бірге». 1994 ж.

Роза Бағланова - «Асыл арман». 1984 ж.

Роза Бағланова - «Әдемі-ау». 1984 ж.

Ескендір және Біржан Хасанғалиевтер - «Жар-жар» әні

"Туған жер әуендері". Ақын Нұрсұлтан Әлімқұловтың өлеңдеріне жазылған әндер. 1986 ж.

«Айналайын» әні - Роза Бағланова

«Туған жер әуендері»: Ілия Жақановтың шығармашылық кеші. 1985 ж.

Лаки Кесоглу - «Алматының алмасы». 1994 ж.

«Туған күніңмен» - Ақжол Мейірбеков