Тұлғалар

Сатыбалды Нарымбетов

Нарымбетов Сатыбалды (Сәкен) Жәлелұлы - кинодраматург, кинорежиссер, жазушы. 1946жылы 8 наурызда Шымкент облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында дүниеге келген. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996); Жорж Садуль атындағы Тәуелсіз сыйлығының лауреаты; «Платиналы Тарлан» Тәуелсіз сыйлығының лауреаты (2000). «Құрмет» орденімен марапатталған (1996). Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi (2005).