Тұлғалар

Мәдина Ералиева

Мәдина Ералиева 1954 жылы 2 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 1974 жылы Қызылорда қаласындағы “Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищесінің” музыка бөлімін бітірген. 1978 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген. 1978 — 1984 ж.Әдебиет және өнер институтында қызмет істеді. 1985 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы облысы филармониясының жетекші әншісі болды. Нәзік те сыршыл үн, өзіндік мәнерімен халықтың сүйікті әншісіне айналды. Оның орындауындағы “Ай-қарагөз”, “Ақбаян”, “Жылқы ішінде ала жүр”, т.б. көптеген халық әндері мен “Кіресің жиі түсіме” (Қ.Құрманәлиев), “Сағым жылдар” (Б.Байкенжеев, М.Дәукенова) сияқты қазіргі қазақ композиторларының әндері Ералиеваның өзіне ғана тән әншілік мәнерімен, өзіндік орындау ерекшелігімен, нақыш-бояуымен халық жадында қалды.