Тұлғалар

Ғафу Қайырбеков

Ғафу Қайырбеков(1928 – 1994) – 15 тамызда Қостанай облысы, Торғай қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды. «Дала қоңырауы» (1956) поэмасы, «Жер астындағы жұлдыз дар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) сияқты жинақтарын, «Беласар» атты қос томдығын оқырман қауым ілтипатпен қабылдады. «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.