Тұлғалар

Әбиірбек Тінәлі

Әбиірбек Берденұлы Тінәлиев 22 сәуір 1957 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген. Әнші, композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Өнер жолын Талас ауданы мәдениет үйінде қызмет етуден бастады. 1978 - 90 жылы Жамбыл облысы драма театрында актер, 1990 - 2001 жылы Алматыдағы саз аспантар мұражайықда ғылыми қызметкер, 2001 жылдан Алматы облысы Қазақ драма театрында музыкалық бөлімінің жетекшісі қызметін атқарған. Қазақстан Жастар одағы сыйлық иегері. Әбиірбек Берденұылының "Анамның тілі", "Фариза", "Толғанай", "Желтоқсан желі", "Әгтең-ай", "Ұрпакүні", "Сәлемдеме", "Мұнар", "Гүлнарым" сияқты әндері халыққа кеңінен танымал. 1998 жылы Т.Айтбайұлының "Ән әлемінің Әбиірбегі" атты сұхбат кітабы жарық көрді. "Желтоқсан желі" атты ән жинағын шығарған.