Тұлғалар

Тұрар Рысқұлов

Тұрар Рысқұлов – мемлекет қайраткері. Ол 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысында дүниеге келген. 1926 жылы наурызда Рысқұлов Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Сол жылы 19 сәуірде Рысқұлов Қазақ өлкелік БКП (б) комитеті қаулысымен "Еңбекші қазақ" газетінің жауапты редакторы болып бекітіліп, көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің қаулысымен Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған. Голощекиннің "Қазақстанда кіші Қазан" төңкерісін жасау идеясына ашық қарсы шыққан. Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында Сталинге нақты ұсыныстар жасады. Бірақ Сталин Рысқұловтан гөрі Голощекинге сенім артқан.