Тұлғалар

Бейбіт Құсанбек

Бейбіт Құсанбек 1962 жылы 12 тамызда Шығыс Қазақстан, Аягөзде дүниеге келген. Тележурналист, ақын. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ді және Мәскеу қаласындағы КСРО Мемтелерадио біліктілік көтеру институтының телекомментаторлар курсын бітірген. «Өмір-өзен» айдарымен 1995-1997 жылдары 100-ге тарта хабар жасалды. Шығармалары: «Махаббат маусымы» (1996), «Өлең-өзім» (2007), «Ғұмырдария» (2008), «Ел ағалары» (2009).