Тұлғалар

Баянғали Әлімжанов

Әлімжанов Баянғали Тақанұлы 1954 жылы 16 қазанда Ақмола облысы, Степняк қаласында, қарапайым еңбекшілер отбасында дүниеге келген. Ақын, драматург, жазушы, сатирик, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі, сыншы, кинодокументалист, тележүргізуші, мәдениет қайраткері. Баянғали Әлімжанов лирикалық, философиялық өлеңдер мен елуге тарта поэма, оқиғалы жырлардың авторы: «Таксидегі тағдырлар», «Қиянатқа жақсылық», «Гүлбанудың биіктігі», «Бекет атаның үйі», «Өткеннің өнегесі», «Жел сыбдырлаған шындық» және т.б.