Тұлғалар

Жаяу Мұса Байжанұлы

Жаяу Мұса Байжанұлы 1835 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасында дүниеге келген. Мұса жасынан өнерге бейім болып өседі. Әкесінің көмегімен ескіше сауатын да ертелеу ашады. Молдадан бес – алты жыл оқып хат таныған бала Мұса кейін оқуын жалғастыруды ойлайды. Көп қиындықтарға кездескеніне қарамастан, он бес жасында Қызылжар қаласына келіп, үш жылдай байларға жалданып әртүрлі жұмыс істейді. Сонда жүріп орысша үйренеді. Кейінірек қарсы жинап, Омбыға барып оқуға түседі. Бірнеше жыл сол қалада білм алады. Өзі өлендерінде айтатындай, зорлықтың, әділетсіздіктің салдарынан атынан айрылған Мұса келе – келе ел ішінде Жаяу Мұса атанып кетеді. Мұсаның ән – өлендері тек қана тақырыптық, көркемдік ерекшелігімен емес, сонымен қатар әсем ырғағымен, сұлу сыршылдығымен де көзге түседі. Шығармалары: «Көкаршын», «Ақ сиса», «Гауһар қыз», «Сұрша қыз», «Хаулау», «Сапар», «Сәулем қыздар», «Ләйлім», «Сынақ», «Құлбай бай», «Көкейкесті», т.б.