Тұлғалар

Ілия Жақанов

Жақанов Ілия 1936 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, қазіргі Ақтоғай ауылында туған. С. М. Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Жақанов ҚазССР Министрлер Кеңесінің теледидар мен радио жөніндегі Мемлекеттік комитеті жүйесінде әдеби редактор, Қазақ радиосының музыкалық редакциясында бас редактор болып қызмет атқарды. Қазіргі кезде еркін шығармашылықпен айналысуда. I. Жақановтың әндері жастар арасында жақсы танымал. Ол "Алматы кешінде", "Асылым", "Жайлаукөл кештері" және т. б. әндердің авторы "Екі жирен", "Бірінші концерт" әңгімелер жинағының, "Аққулар қонған айдын көл", "Ықылас" романының музыка және музыканттар туралы зерттеулердің авторы.