Тұлғалар

Бекболат Тілеухан

Бекболат Қанайұлы Тілеухан 1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде дүниеге келген. Әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дарын жастар сыйлығының иегері. 1993 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын "концерт орындаушы" мамандығы бойынша, ал 1998 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін "инженер-металлург" мамандығы бойынша бітірді.