Тұлғалар

Шона Смаханұлы

Шона Смаханұлы 1924 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы Талас ауданындағы «Ойық» ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін сырттай оқып бітірген. 1957-1957 жылдары «Мектеп» баспасында редактор, 1958-1963 жылдары «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан пионері» газеттерінде, 1964-1968 жылдары сатиралық «Ара» журналында қызмет еткен. 1973-1983 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, кейінірек редакция мeңrepyшici болған. Шона Смаханұлы әдеби шығармашылықпен 1950 жылдан шұғылдана бастады."Тотияйын" атты тұңғыш сатиралық өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көрді."Шимайбек пен Шыңқетпе" , "Қу түлкінің сыбағасы", "Көріп жүр ғой көздері" және т.б.