Тұлғалар

Әбділда Тәжібаев

Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келген. Ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым. Филология ғылымының докторы, профессор., Қазақстан Республикасының халық жазушысы. Ә.Тәжібаев 1945-1948 жылдары Қазақ ҚСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының Жамбыл бөлімін басқарады. "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болады. 1963 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болын сайланады. Ең алғаш өлеңдері 1927 жылы «Жұмысшы» газетінде, кейін 1933ж. «Жаңа ырғақ» атты жинақ болып шықты. «Оркестр», «Құтқару», «Екі жиған», «Абыл», «Шын жүректен», «Сүйген жүрек», «Таныс дауыстар» атты поэмалары мен өлеңдері жарық көрді. «Аралдар», «Жаңа өрімдер», «Кешеден бүгінге», «Кәне қоңырау», «Жастық жылдар», «Құрдастар», «Толағай» және т.б. жыр жинақтары философиялық бағытта белгіленген.