Тұлғалар

Оралхан Бөкей

Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді. Оралхан Бөкей С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды. 1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды. 1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды. 1991 жылы «Аққұс» әдеби ұйымын құрды. Оралхан Бөкейдің "Ән салады шағылдар" (1978 ж.), "Үркер ауып барады" (1981 ж.), "Біздің жақта қыс ұзақ" (1984 ж.) әңгімелер мен повестері "Жалын" баспасынан жарық көрді. "Құлыным менің", "Текетірес", "Қар қызы", "Зымырайды поездар", "Жау тылындағы бала", "Мен сізден қорқамын" пьесалары қазақ және орыс тілінде республикалық, облыстық театрларда қойылған.