Тұлғалар

Сұлтан Оразалин

Сұлтан Шәріпұлы Оразалы 30 сәуірде 1941 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында туған. Журналист, жазушы, теледраматург, қоғам қайраткері. Қазақ телевизиясының құрметті ардагері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасының Ақпарат және Мәдениет саласының Үздігі. Жазушы 1984–1986 жылдары Қазақстан Орталық партия комитетінің мәдениет бөлімінде нұсқаушы, көркем әдебиет секторының меңгерушісі болды, 1986–1993 жылдары Республикалық "өнер" баспасын басқарды. 1993–1995 жылы ҚазақстанРеспубликасы Тіл комитетінің төрағасы, 1997–1998 жылы Білімжәне мәдениет министрлігінің Тіл саясатын үйлестіру департаментінің директоры, ал 2000–2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің төрағасы, 2001 жылдан бері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.