Тұлғалар

Жүсіпбек Елебеков

(1904-1977)

Елебеков Жүсіпбек 1904 жылы Қарағанды облысында туған. Әнші (тенор), Қазақстанның халық әртісі. Ж.Елебеков репертуары негізінен халықтың және халық композиторларының музыкалық құрылысы мен тілі күрделі, сыршыл әндерінен ("Ардақ", "Ағаш аяқ", "Айтбай", "Жамбас сипар", "Жиырма бес", "Қанатталды", "Құлагер", "Сегіз аяқ", "Сұржекей", т.б.) тұрады. Ол орындайтын әндерінен аса ұқыптылық, суреткерлік талғаммен қарайтын лирик әнші. Ән әуенінің терең сырын ашып, бояуын құлпырта түседі, домбра сүймелімен образ жасайды. Қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде (1936, 1949, 1958), сондай-ақ концерттік сапармен барлық республикаларда, Қытай Халық Республикасында (1950, 1955), Моңғол Халық Республикасында (1960), Үндістанда (1967) болды.