Тұлғалар

Қадыр Мырза Әлі

5.01.1935 - 24.01.2021

Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Қадыр Мырзалиевтің алғашқы кітабы «Қырық батыр» деп аталады. 1958 жылы Қадыр Мырзалиев Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, екі жылдан кейін аспирантураны бітіріп шығады. Оқудан кейін көп жылын журналистикаға арнады. Еңбек жолын, яғни 1958-1962 жылдары «Балдырған» балалар журналының әдеби қызметкері болып жұмыс істеуден бастайды. 1962-1965 жылдары – поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы болды. Қадыр Мырза Әлі 50-ден астам поэзиялық жинақтардың, әдеби-сыни және балалар кітаптарының авторы.