Тұлғалар

Сағат Әшімбаев

Сағат Әшімбаев (1947–1991) - 1 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданында (бұрынғы Нарынқол ауданы) дүниеге келген. 1970 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Баспасөз бетіне оның алғашқы тырнақалды мақалалары 1966–1967 жж. аудандық «Советтік шекара», облыстық «Жетісу» газеттерінде жарияланды. Еңбек жолын 1969 жылы «Жас Алаш» («Лениншіл жас») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің әдеби қызметкерлігінен бастаған ол кейін сол бөлімнің меңгерушісі болып істеді. 1973 жылы «Жас Алаш» газетінен «Жұлдыз» журналына сын және библиография бөлімінің бөлім меңгерушісі болып ауысады. Ол біраз жыл бойы осы әдеби журналдың алқа мүшесі болды. 1976–1979 жж. «Жас Алаш» газетінде редактордың орынбасары болып істеді. 1974 жылы жарық көрген «Сын мұраты» атты алғашқы кітабына Қазақстан Жастар одағының (Қазақстан Ленин комсомолының) сыйлығы берілді (1976). С.Әшімбаевтың негізгі тақырыбы – сын жанры. Оның қаламынан туған зерттеуталдау тұжырымы, көңілге қонымды сын мақалалары мерзімді баспасөз бетінде жүйелі жарияланып тұрды.