Тұлғалар

Ақселеу Сейдімбек

Ақселеу Сейдімбек (1942–2009) 12 желтоқсанда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Байдала би ауылында туған. «Лениншіл жас» газетінің тілшісі, «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, «Білім және еңбек» журналының бас редакторы, Әдебиет және өнер институтында жетекші ғылыми қызметкер, Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі болды. 30-ға тарта көркем, ғылыми-көпшілік және монографиялық кітаптардың авторы. Гомердің «Илиада», «Одиссея» дастандарын қара сөзбен аударған. И.Можейконың «7 және 37 керемет» (1998) кітабын тәржімалаған. Шығармалары оннан астам шетел тілдеріне аударылған. Қазақстан Жазушылар одағы және Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты. «Құрмет» орденінің иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.