Тұлғалар

Шерхан Мұртаза

Халық жазушысы Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ атты ауылда дүниеге келген. 1956-1963 жылдар арасында қазіргі "Жас Алаш", сол уақыттағы "Лениншіл жас" газетінің, қазіргі "Егемен Қазақстан", бұрынғы "Социалистік Қазақстан" газетінің тілшісі болған. Ал, 1963 жылы "Лениншіл жас" газетіне бас редактор болып келген Шерхан Мұртаза 30 мың тиражды басылымды 130 мың тиражға жеткізген. Жалпы, 1963 жылдан бастап 1970 жылдар арасында "Лениншіл жас", "Жазушы" баспасы, "Жұлдыз" журналының бас редакторы болды. Бертін келе, 1989-1992 жылдары "Егемен Қазақстан" газетінің редакторы, "Қазақстан" мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы болады. Әлі жасап келе жатқан "Таңшолпан" бағдарламасы – марқұрм Шерхан ағамыздың ойынан шыққан бағдарлама еді. Шерхан аға журналистикада жүріп, "Табылған теңіз" (1963), "Бұлтсыз күнгі найзағай" (1965), "Белгісіз солдаттың баласы" (1967), "Мылтықсыз майдан" (1969), "41-жылғы келіншек" (1972), "Ахметжанның анты" (1973) атты повестерін, "Интернат наны" (1974) атты атақты әңгімелер жинағын, "Ай мен Айша" атты романын жазған мықты жазушы. Ал, "Қара маржан" романы үшін жылы Мемлекет сыйлығын алған. Мемлекет қайраткері Т. Рысқұловтың өміріне арналған "Қызыл жебе", атты екі кітап пен "Жұлдыз көпір", атты үш кітабы роман-трилогия болып басылды.