Тұлғалар

Дәнеш Рақышев

Рақышев Дәнеш 1 мамырда 1926жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Талды ауылында дүниеге келген. Әнші, композитор. Қазақ КСР-інің халық әртісі. Өзіндік қолтаңбасы әбден қалыптасқан 33 жасында Дәкең 1959 жылы туған жеріне оралады. Бұрын бұл жақта ешкім айтпаған, бітімі қазақы, бірақ ырғағы, мақамы бейтаныс әндерді айрықша мақпал дауыспен таза шырқайтын жігітті Қазақстан жұрты айрықша жылы ықы­ласпен қарсы алады. «Баянауыл», «Жан ерке», «Аяулым», «Жиырма жеті қыз», «Угәй-дай», «Иғай-ау», «Жан сәулем», «Сәулем-ай», «Жер әсемі Қарқара», «Қош-аман бол, жарым» сы­қылды сан құбылған, алуан тақырыпты, әуезді халық әндері қазақ әнінің керегесін кеңейтіп, шаңырағын биіктетіп жіберді.