Тұлғалар

Махмұт Тойкенов

Махмұт Шәкәрімұлы Тойкенов - 1963 жылы 1 маусымда Семей облысы Мақаншы ауданының Бақты ауылында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1991) концерттік әнші, оқытушы мамандығы бойынша; Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын (2007) музыкалық театр режиссері мамандығы бойынша бітірген. 1980 жылдан - Семей облысы Мақаншы ауданының «Шаған» кеңшарында суретші-безендіруші.1991 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы халық әндерін оырндау кафедрасының оқытушысы, 1995 жылдан - аға оқытушысы. 1998 жылдан - Алматы қаласындағы №1 балалар музыкалық мектебінің эстрадалық жеке ән орындау пәнінің оқытушысы. 1999 жылдан - «Көкіл» колледжі эстрадалық жеке ән орындау бөлімінің меңгерушісі (Алматы қаласы). 2000 жылдан – ҚР Президенттің Мәдениет орталығы директорының орынбасары. 2003 жылдан - К. Байсейітова атындағы Ұлттық oпepa және балет театры директорының орынбасары. 2009 жылдың маусымынан бері - Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының бастығы. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.