Тұлғалар

Әлібек Дінішев

Әлібек Дінішев 1951 жылы Алматыда дүниеге келген. Ол опера және камералық әнші (тенор), музыкалық педагог-профессор. 1976 жылдан бастап Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының әншісі болып қызмет атқарады. 1979 жылы “Қазақ КСР-нің Халық артисі” және 1986 жылы “КСРО-ның Халық артисі” атағын алды. Қазақстан Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының және Қазақстанның әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.