Тұлғалар

Қаламқас Орашева

Қаламқас Қожахметқызы Орашева 24 сәуірде 1953жылы Ақжайық ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. Әнші, термеші, жыраулық өнер дәстүрін насихаттаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі. 1971-73 жылдары Алматыда эстрадалық «Өнер» студиясында оқып, ҚР Халық артисі Ғ.Құрманғалиевтің класында дәріс алған. 1973 жылы «Гүлдер» ансамблінде, 1973-82 жылдары «Қазақконцерт» бірлестігінде, 1982-87 жылдары Құрманғазы атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрінде, 1987-88 жылдары Алматы облысы Сүйінбай атындағы филармонияда әнші болды.