Тұлғалар

Қапаш Құлышева

Қапаш Қабыкенқызы Құлыш 9 мамырда 1949 жылы Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Дөңгілағаш ауылында туған. Кеңестік және қазақстандық әнші (сопрано), профессор, педагог. Қазақстанның Халық Әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты. Алғашқы домбыра сабақтарын Көркем өнерпаздар үйірмесінің жетекшісі, аңызға айналған Үкілі Ыбырайдың немересі Мұса Асайыновтан алды.Оның репертуарына Ыбырайдың «Қалдырған» «Гәкку»,«Сұлу Көкше» және т.б әндері енді. 1966 жылы Көкшетау облыстық филармониясының солист-вокалисті. 1967 жылы 1967 жылы Республикалық эстрада-цирк студиясына Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің сыныбына оқуға түсіп, 1969 жылы тәмәмдайды. 1969-жж. Республикалық «Гүлдер» жастар – эстрадалық ансамблінің жетекші солисі. Д.Қонаевтің өзі бастап барған Куба астанасы Гаванада өткен XI Жастар және студенттер фестивалінің халықаралық байқауында Қапаш Құлышеваның салған әніне, сұлу дауысына Фидель Кастроның өзі қолын сүйіп, ризашылығын білдірген.