Тұлғалар

Роза Рымбаева

Роза Рымбаева 1957 жылдың 28 қазанында бұрынғы Семей облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келді. Роза Рымбаева 1974 жылы Семейдегі музыкалық училищеге түсіп, 3 жыл оқиды. Бұдан кейін Алматыдағы театралдық-көркем өнер институтында оқып, оны 1984 жылы бітіреді. Алматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетінде білімін шыңдайды. Роза Рымбаева 1977 жылы Болгариядағы "Золотой Орфей" фестивалінде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға арналған "Әлия" әнін шырқаған соң ерекше танымал болды. Ол бұл байқауда гран-при жүлдесін ұтып алды. Әншінің орындауындағы Т. Ерешевтің "Гүлдене бер, туған жер", Нұрғиса Тілендиевтің "Куә бол", Б. Байқадамовтың "Айгөлек", Ж. Тұяқбаевтың "Атамекен", Т. Сарыбаевтың "Отандастар" әнін тыңдарман қауым жылы қабылдады. Роза Рымбаева "Бір бала", "Сәулем-ай", "Кебек", "Назқоңыр", "Әгугай" және тағы басқа халық әндерін нақышына келтіре орындады. Әнші халық арасында киноактриса ретінде де танымал. Ол "До свидания, Медео" фильмінде басты рөлді сомдады, әрі "Первая песня" фильмі, "Женский взгляд". Роза Рымбаева", "Роза", "Хвост кометы". Роза Рымбаева", "И снова здравствуйте!" деректі фильмдеріне түсті.

Роза Рымбаева - «Бұлбұлым» (1986 жыл)

Роза Рымбаева - «Сәлем саған, туған ел»

Роза Рымбаева - «Заман-ай»

«Сыр-сұхбат». Роза Рымбаева

Роза Рымбаева - «Әлия»

«Келесі аялдама». Роза Рымбаева

«Қазақтелефильм». Роза Рымбаева

Ә.Бейсеуовтың шығармашылық кеші. 1990 ж.

"Отбасы" тележурналы. Кеңес Дүйсекеев. 2001 ж.

Әсет Бейсеуовтің әндері. 1986 ж.

Қазақстан өнер шеберлерінің концерті. 1982 ж.

Алма - Ата встречает друзей. 1981 г.

Алма - Ата встречает друзей. 1980 г.

«Алматы встречает друзей»: Роза Рымбаева - «Дочь степей». 1982 г.

Алма - Ата встречает друзей. 1982 г.

Роза Рымбаева. «Азия дауысы». 1993 ж.

«Ән - шашу». 1993 ж.

«Ән - шашу». Марат Ілиясовтың әндері. 1997 ж.

«Звезды в встречаются в Алма-Ате". 1983 г.

«Отандастар»: Роза Рымбаева. 2011 ж.

Ш.Қалдаяқовтың шығармашылық кеші. 1990 ж.

«Тамаша». 1987 ж.

«Әнім сен едің» - Роза Рымбаева, «Мұрагер» ансамблі. 1990 ж.

«Каждый день» - Роза Рымбаева. 1992 г.